"Ақмола облысы білім басқармасының Зеренді ауданы бойынша білім беру бөлімінің Ивановка ауылының бастауыш мектебі" коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Коммунальное государственное учреждение "Начальная школа села Ивановка отдела образования по Зерендинскому району управления образования Акмолинской области"

СоцСети

    

Ұйымдар тізімі

Галерея

Смотреть все>>>

1 наурыз - Алғыс айту күні

13.03.2019

Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың Жарлығымен 2016 жылдан бастап Қазақстанда 1 наурыз – Алғыс айту күні болып жарияланған болатын. Биыл елімізде екінші рет тойланғалы отырған бұл мерекенің өмірімізде мәні зор.  Алғыс дегеніміз – бір-бірімізге жасаған жақсылығымыз, көмегіміз, ізгі ниетімізге рахмет білдіру.  Қазақта «Қарғыс алма, алғыс ал» деген сөз тегін айтылмаса керек.  Әрқашан да қасымыздағы жүрген жандарға көмегі, көңілі үшін ризашылық білдіруіміз,  олардың іс-әрекетіне, жасаған істеріне жоғары баға беру әрқайсымыздың адамгершілігімізді көрсетеді. Әрқайсымыз ең алдымен жарық дүние сыйлаған анамызға күн сайын алғыс білдіруіміз керек. Ана – әрбір адамның жарық дүниедегі ең жақыны, жанашыры, қадірлісі, қамқоршысы, ардақтысы.  Ана баланың амандығын, бақытты, абыройлы болуын тілейді. Бойымыздағы ең жақсы қасиеттер бізге алдымен анадан тарайды. Тірлікте ел қатарлы өмір кешуіміз үшін жақындарымыздың, туыстарымыздың, достарымыздың алар орны ерекше. Оларсыз өмірдің мәні аз. Сондықтан қашан да жаныңнан табылар туыстарыңызға алғыс білдіру мерейіңізді өсіреді. Біздің  өмірдегі жеткен жетістіктеріміз тікелей ұстаздарымыздың арқасы екенін ұмытпауымыз керек. Ұстаз әр шәкіртін  үлкен өмірге дайындаумен қатар,  бойындағы барлық жақсы қасиетін дарытушы тұлға. Ұстаздан білім, тәрбие  алып, өмір теңізіне құлаш ұрған кез келген шəкірт ұстазымен ардақты, мақтаулы. «Білімнің тірегі», «Бала жанының бағбаны» деген теңеулер ұстаздарға тегін айтылмаған. Ризашылық күні адамдар бір-біріне қуаныш, көтеріңкі көңіл-күй сыйлаумен қатар, өз жетістіктерімен бөлісіп, бір-біріне алғысын айтады. Жанымызда жүрген жандарға, жақындарымызға, әріптестерімізге жылы сөз, қайырымды іс, жақсы ой, кіршіксіз сезімдерімізді ешкімнен ешқашан аямайық. «Рахмет!», «Алғыс білдіремін!», «Ризамын!» деген қасиетті сөздерді бір-бірімізге жиі айтып, жан әлемдерімізді нұрландырайық. Адам айналасындағылардан рахмет алған сайын,  жақсылық жасағысы келіп тұратынын есте ұстайық.

Просмотров: 328


Добавить комментарий



Включить данные в подпись

Текст