2021 жылғы мемлекеттік қызметтер бойынша есеп.
1. Жалпы ережелер
1) қызмет көрсетушілер туралы мәліметтер: "Ақмола облысы Білім басқармасының Зеренді ауданы бойынша білім беру бөлімінің Ивановка ауылының бастауыш мектебі"КММ.
Заңды мекенжайы Ивановка ауылы, Мектеп көшесі 3
2) мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы ақпарат:
"Ақмола облысы Білім басқармасының Зеренді ауданы бойынша білім беру бөлімінің Ивановка ауылының бастауыш мектебі" КММ
білім беру саласында 3 мемлекеттік қызмет көрсетіледі.
2021 жылы білім беру ұйымымен 2 қызмет көрсетілді;
"Азаматтарға арналған үкімет" мемлекеттік корпорациясы арқылы көрсетілген қызметтер саны - 0;
"электрондық үкімет порталы" арқылы - 2 қызмет;
электрондық нұсқада көрсетілген мемлекеттік қызметтер 2 қызмет;
қағаз түрінде көрсетілген мемлекеттік қызметтер саны -0.
Білім беру саласындағы барлық мемлекеттік қызметтер тегін көрсетіледі.
2020 жылы 4 қызмет көрсетілді;
"Азаматтарға арналған үкімет" мемлекеттік корпорациясы арқылы көрсетілген қызметтер саны - 0;
"электрондық үкімет порталы" арқылы - 4 қызмет;
электрондық нұсқада көрсетілген мемлекеттік қызметтер 6 қызмет;
қағаз түрінде көрсетілген мемлекеттік қызметтер саны -0.
3) неғұрлым талап етілетін мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы ақпарат: білім беру саласындағы неғұрлым талап етілетін мемлекеттік көрсетілетін қызметтер:
"Бастауыш, негізгі орта, жалпы орта білім берудің жалпы білім беретін бағдарламалары бойынша оқыту үшін ведомстволық бағыныстылығына қарамастан білім беру ұйымдарына құжаттар қабылдау және оқуға қабылдау";
"Жалпы білім беретін оқу орындарының балаларын ауыстыру үшін құжаттар қабылдау";
2. Қызмет алушылармен жұмыс:
1) Мемлекеттік қызметтер көрсету тәртібі туралы ақпаратқа қол жеткізу көздері мен орындары туралы мәліметтер.
Көрсетілетін қызметті алушылар үшін барлық қажетті ақпарат ресми интернет-ресурста орналастырылған sc0048.zerenda.aqmoedu.kz / мектептер "мемлекеттік көрсетілетін қызметтер" бөлімінде мемлекеттік қызмет көрсету стандарттары мен ережелері орналастырылған. Сондай-ақ мектептің ақпараттық стендінде мемлекеттік қызметтердің стандарттары мен ережелері орналастырылған. Өзіне-өзі қызмет көрсету бұрышы жұмыс істейді.
2) мемлекеттік қызметтер көрсету тәртібін айқындайтын заңға тәуелді нормативтік құқықтық актілердің жобаларын жария талқылаулар туралы ақпарат.
Қазіргі уақытта заңға тәуелді құқықтық актілердің жобаларын жария талқылау ашық нормативтік құқықтық актілердің интернет порталында жүзеге асырылады. Білім бөлімі және ведомствоға қарасты ұйымдар Нормативтік-құқықтық актілерді әзірлемеген.
3. Мемлекеттік қызметтер көрсету процестерін жетілдіру жөніндегі қызмет.
1) Мемлекеттік қызметтер көрсету процестерін оңтайландыру және автоматтандыру нәтижелері.
Сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін төмендету және Мемлекеттік қызмет көрсету сапасын арттыру мақсатында облыстағы барлық мектепке дейінгі орта, арнайы білім беру ұйымдары бірыңғай ақпараттық жүйеде жұмыс істейді Аkmola.kz. жүйеде 4 автоматтандырылған мемлекеттік қызмет іске асырылуда.
2) мемлекеттік қызметтер көрсету саласында қызметкерлердің біліктілігін арттыруға бағытталған іс-шаралар.
Мектепте Мемлекеттік қызметтерді қажетті компьютерлік техникамен қамтамасыз етілген 2 қызметкер көрсетеді.
4. Мемлекеттік қызмет көрсету сапасын бақылау.
1) Мемлекеттік қызметтер көрсету мәселелері бойынша көрсетілетін қызметті алушылардың шағымдары туралы ақпарат.
2021 жылы Мемлекеттік қызмет көрсету туралы шағымдар түскен жоқ.
2) мемлекеттік қызметтер көрсету сапасын ішкі бақылау нәтижелері.
Мемлекеттік қызметтерді көрсету мерзімдерін бұзу және негізсіз бас тарту анықталған жоқ.
3) мемлекеттік қызметтер көрсету сапасына қоғамдық мониторинг нәтижелері.
5. Мемлекеттік қызметтер көрсетудің одан әрі тиімділігінің перспективалары және сапасына көрсетілетін қызметті алушылардың қанағаттануын арттыру.
Қызмет алушылардың қанағаттанушылығын арттыру және Мемлекеттік қызмет көрсету сапасын арттыру мақсатында 2022 жылға ҚР заңнамасын сақтау мәселесі бойынша бақылау іс-шараларының жоспары бекітілді.
2022 жылы мектеп жеке тұлғаларды қолжетімді және сапалы мемлекеттік қызметтермен қамтамасыз ету бойынша жұмысты жалғастырады.
"Ивановка ауылының бастауыш мектебі" КММ меңгерушісі: Касымова Б. С.