Сабақтың тақырыбы: Жемқорлық дегеніміз не?
Сабақтың мақсаты: “Сыбайлас - жемқорлық” деген ұғымды түсіндіріп, пайда болу жағдайлары жайлы түсінік қалыптастыру; Өз мемлекетіне жауапкершілікпен қарау және әділдікке тәрбиелеу, патриоттық тәрбие қалыптастыру; өз ойларын еркін жеткізе білу қабілеттерін дамыту; дүниетанымдарын кеңейту.
Көрнекілігі- жемқорлық туралы суреттер, слайдтар, бейнеролик, нақыл сөздер
Сабақтың барысы:
1. Ұйымдастыру кезеңі
Көрініс «Жемқорлық деген не?»
Дәлізде үш ер бала асық ойнап жатыр. Сакен, Айдос және Алмас
Сәкен: Менің әкем дәу бастық болады білесіңдер ме?
: О-о-о жақсы ғой, қандай бастық?
Білмеймін. Қазіргі бастықты ертең жұмыстан шығарып, әкемді қояды екен. Ақшасын беріп қойдым, бір –екі күнді өздері шақырады екен.
: Э-э-э Сәкен бұл дұрыс емес ғой. Сонда сенің әкен ақша беріп біреуді жұмыстан шығартып жатыр ма , өзі үшін? Бұл дұрыс емес ғой. Бұл нағыз жемқорлық ғой.
: Жемқорлық ???? Жемқорлық деген не?
: Айдос кеттік сабаққа кешігеміз.
: Алмасқа не болды? Неге солай деді? Қандай сөз еді жем – жем ? Жемқор. Жемқорлық.
(жүргізуші): Армысыздар құрметті қонақтар! Көрінісімізден түсінгендей бүгінгі сабағымыздың тақырыбы «Жемқорлық дегеніміз не?» Әрине , қоғамда Алмастай жерлестеріміз қөп болғанымен, Айдос және Сәкендей бауырларымыз да бар екені анық. Яғни біреу өмірде адал еңбекті, адал жолды таңдап, таза өмір сүреді, біреуі жеңіл өмірді, еңбексіз жеңіске жетуді қөздейді, ал біреуі жақсылықпен жамандықты ажырата алмайды. Сондықтан да Айдос және Сәкен сынды бауырларымызға көмек беріп жемқорлық бір зұлымдық екенін түсіндіріейік.
Жемқорлық латынша сатып алу. Мемлекеттік басқару құрылымындағы лауазымды қызметкерлердің өздеріне тапсырылған қызмет мүмкіндіктерінің жеке бастарының пайдасы мен мүдессі үшін пайдалану мақсатында жасаған қоғамға қауіпті қылмыстық іс - әрекеттері.
Сыбайлас жемқорлықпен күресу Қазақстанның бүгінгі күнгі күрделі мәселесі болып отыр. Үлкен әлеуметтік қасірет болып табылатын ол саяси даму тұрғысынан бір - біріне ұқсамайтын әлемдегі барлық елдердің қай - қайсысын да қатты алаңдататыны анық.
1989 жылы әлемнің дамыған 37 мемлекеті халықаралық бизнестегі жемқорлыққа қарсы күресу туралы конвенцияға қол қойды
Қазақстан осы конвенцияға қосыла отырып 1998 жылы 2 шілдеде «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес» туралы заң қабылдады.
БҰҰ 2003 ж 9 желтоқсан күнін халық - сыбайлас жемқорлыққа қарсы күні деп жариялады.